Accessibility links

Қ.Тұмышев:Астана әуежайын малайзиялық компанияның басқаруы туралы келісім бұзылуы мүмкін


Астананың халықаралық әуежайы мен малайзиялық «Маlaysia Airoports Holding Berhad» басқарушы компаниясы сенімді басқару туралы келісімді бұзу туралы келіссөздер жүргізуде, — деп хабарлады астаналық әуежайдың атқарушы директоры Қобыланды Тұмышев.

Оның айтуынша, «Маlaysia Airoports Holding Berhad» тарапынан өтемақы төлеу қарастырылмаған. Сондай-ақ малайзиялық компанияның кетуі басқару деңгейіне әсер етпейді және жағдайды да төмендетпейді.

2007 жылдың шілде айынан бері Астананың халықаралық әуежайы «Маlaysia Airoports Holding Berhad» басқарушы компаниясының басқаруында болды. Екіжақты келісім бойынша басқару мерзімі 2017 жылы аяқталуы керек болатын.
XS
SM
MD
LG