Пәкістан президенті Асиф әли Зардари бұл тұжырымын Вашингтонға сапары барысында айтты. Ол бейсенбі күні АҚШ сенаторларымен кездесуінде Талибанмен күрес жайын баяндаған еді. Зардаримен қатар оның ауғанстандық әріптесі Хамид Қарзай да АҚШ сенаторларымен кездесті. Тамыздағы Ауған президенттік сайлауынан кейін АҚШ, Пәкістан, Ауғанстан тараптарының келесі үшжақты саммиті болмақшы.