Accessibility links

Қарзай мен Зардари электр қуаты жобасына қолдау білдірді


Ауғанстан мен Пәкістан президенттері ұсынылып отырған 680 миллион долларлық электр қуаты жобасына қолдау көрсетуге уәде етті. Дүниежүзілік банк пен Ислам даму банкі қолдап отырған бұл жобаға сәйкес, электр қуаты Тәжікстан мен Қырғызстаннан Ауғанстанға және Пәкістанның солтүстік-батысына тасымаладанатын болады жеп жоспарлануда.

Ауған президенті Хамид Қарзай мен Пәкістан президенті Асиф Али Зардари Орталық Азия - Оңтүстік Азия жобасына Вашингтондағы келіссөздерден кейін қолдау білдірді. Жұма күні олар АҚШ-та Дүниежүзілік банк президенті Роберт Зелликпен кездескен болатын.
XS
SM
MD
LG