Accessibility links

H1N1 вирусына шалдыққандар саны 3 мыңнан асты


Әлемнің 29 елінде доңыз, құс және кәдімгі тұмауы араласқан жаңа H1N1 вирусына шалдыққан адамдардың саны 3440-қа жеткен. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сенбі күні хабарлады. Халықаралық ұйымның айтуынша, бұл дерттен Мексикада 45 адам, АҚШ-та екі кіс, ал Канадада бір азамат қаза болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ел үкіметтерін жаңа вирустың алдын-алу шараларын әлсіретпеуге шақырды.
XS
SM
MD
LG