Accessibility links

Иран соты журналист Саберидің ісін қайта қарауда


Иран соты американдық журналист Роксана Сабаридің аппеляциялық шағымына қатысты тыңдауларын бастады. Адвокат Абдолсамад Хоррамшахи бұл сот нәтижесінде ең болмағанда 32 жастағы Саберидің жазасы азайтылады деп үміттеніп отыр. Иран текті американдық журналистке АҚШ-қа тыңшы болды деген айып тағылып, өткен айда 8 жылға түрмеге жабылған болатын. Сабери түрмеде екі апта аштық акциясын өткізді. Вашингтон мен халықаралық құқық қорғаушы топтар Сабериге тағылған айыптарды жоққа шығарды.
XS
SM
MD
LG