АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Ауғанстанға қатысты маусым айында өтетін жиынға Иранның қатысуын қолдап отыр. Бұл туралы Италия сыртқы істер министрі Франко Фраттини хабарлады. Үлкен Сегіздік тобы маусымда Италияның Триест қаласында Ауғанстанға қатысты жиын өткізбек.
Иран мен АҚШ Ауғанстанға қатысты Гаага қаласында наурыз айында өткен жиынға қатысқан болатын. Сол кезде Обама әкімшілігі Иран республикасымен алғашқы рет тікелей байланыс жасады.
Иран мен АҚШ Ауғанстанға қатысты Гаага қаласында наурыз айында өткен жиынға қатысқан болатын. Сол кезде Обама әкімшілігі Иран республикасымен алғашқы рет тікелей байланыс жасады.