Accessibility links

Медведев Чернобыльге барды


Украина президенті Виктор Янукович пен Ресей президенті Дмитрий Медведев Чернобыль апатының 25 жылдығын атап өту шараларына қатысты.

Сейсенбі күні Медведев Чернобыль апатынан алатын сабақ үкімет ашықтығының қажеттілігі болуы тиіс деп атап көрсетті.

«Мемлекеттің міндеті - халыққа шындықты айту. Мемлекеттің кейде дұрыс әрекет етпегенін біз мойындауымыз керек. Мұндай қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін біз шындықты айтып, қандай болған жағдайда да, не болып жатқандығы туралы халыққа өте нақты ақпарат беруіміз тиіс», - деді Медведев.

Адамзат тарихында бейбіт атом қуатын пайдалану кезіндегі ең алапат оқиға 1986 жылы сәуірдің 26-сына қараған түні болған еді. Чернобыль апаты құрбандарының нақты саны қанша екені әлі күнге дейін анық емес. Совет үкіметінің ресми өкілдері Чернобыльдегі жарылыс туралы ақпаратты үш күн жасырған.

Ал Беларусь президенті Александр Лукашенко Чернобыль апатынан зардап шеккен өз еліндегі аймақтарға барды.
XS
SM
MD
LG