Accessibility links

Йемен президенті бір айдың ішінде биліктен кетуге келісті


Йемен үкіметі мен оппозициясының өкілдері сол елдегі билікті тапсыру жоспары туралы келісімге бүгін Сауд Арабиясының астанасы Эр-Рияд қаласында қол қоймақшы.

Парсы шығанағындағы араб елдері ынтымақтастық кеңесі ұсынған бұл жоспар бойынша, Йемен оппозициясы биліктен кетуін талап етіп отырған ел президенті Әли Абдолла Салех бір айдың ішінде билікті тапсыруы тиіс. Содан кейін елде ұлттық бірлік үкіметі құру көзделген. Сонымен бірге жоспарда Салехтің жеке басының қауіпсіздігіне кепілдік берілетіні айтылған.

Бүгінгі қол қою шарасына АҚШ, Еуропа одағы, Парсы шығанағы елдері және БҰҰ елшілігінің өкілдері қатысады деп хабарланып отыр.

Қаңтар айынан бері Йеменде үкіметке қарсы наразылық шерулері барысында полициямен қақтығыста 130-дан аса адам қаза болған.
XS
SM
MD
LG