Accessibility links

Ауған офицері НАТО сарбаздарына оқ атты


Ауғанстан қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, Кабулдың сыртындағы әскери аэродромда болған жанжалдан кейін ауған армиясының офицері халықаралық күштерге оқ атқан.

Министрлік баспасөз хатшысы Мохаммад Захир Азимидің айтуынша, атыстан бірнеше адам опат болып жараланған. Бірақ ол бұл оқиға туралы егжей-тегжейлі мәлімет бермеді.

Ауғанстандағы жекеменшік "Толо" телеарнасының хабарлауынша, оқ атқан офицер өлтірілген.

НАТО баспасөз хатшысы Тим Джэймс альянс Ауғанстандағы оқиға туралы хабардар деп мәлімдеп, нақты қанша адамның мерт болғандығын айтпады.

Соңғы апталарда ауған армиясының киімін киген адамдардың елде бірнеше рет шабуыл жасағандығы хабарланған еді.
XS
SM
MD
LG