Accessibility links

Еуропа Одағы Сирияға санкция енгізу мәселесін талқыламақ


Еуропа Одағы үкіметке қарсы шерушілерді басып жаншығаны үшін Сирияға санкция енгізу мәселесін талқыламақ. Одақтың елшілері жұма күні арнайы жиын өткізеді деп хабарланды.

Еуропа Одағының сыртқы саясат бойынша басшысы Кэтрин Эштонның баспасөз хатшысы Сирияға қатысты барлық мүмкіндіктер қаралады деп атап көрсетті.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі бүгін Сириядағы жағдайға қатысты кеңесулерін жалғастырады.

Адам құқықтарын қорғаушы белсенділердің айтуынша, осыдан алты апта бұрын президент Башар әл-Ассадтың режиміне қарсы шерулер басталғалы бері Сирияда 400-ге жуық адам опат болған.
XS
SM
MD
LG