Accessibility links

Коста-Риканың экс-президенті парақорлығы үшін 5 жылға сотталды


Коста-Риканың бұрынғы президенті Мигель Анхель Родригес парақорлық қылмысы үшін айыпты деп танылып, сот үкімімен бес жыл түрме жазасына кесілді.

Сот 71 жастағы Родригесге "Алкател" француз телекоммуникациялық компаниясы Коста-Рикаға құрал-жабдық сату туралы келісім жасауға көмектескені үшін жарты миллион доллардан астам ақша төлеген деп тапты.

Аталған компания коста-рикалық шенеуніктерге жалпы сомасы 14 миллион доллар төлегені анықталған. Мигель Анхель Родригестің әкімшілігінде істеген бірқатар қызметкерлер бұл қылмыстық іс бойынша айыпталып, сотталды.

Мигель Анхель Родригес 1998 жылдан 2002 жылға дейін Коста-Рика мемлекетінің президенті болған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG