Accessibility links

Израиль мен АҚШ палестиналық бірігу келісімінен кейін алаңдаушылық танытты


Израиль мен оның одақтасы АҚШ палестиналық "Фатх" және "Хамас" фракцияларының татуласуы туралы келісім жарияланған соң алаңдаушылық танытты.

Батыс жағалау мен Газа секторын жеке басқаратын "Фатх" пен "Хамас" бір жыл ішінде болатын сайлаудың алдында уақытша үкімет құруға келісті. Сәрсенбі күнгі келісімнің жасалауына Египет арағайындық жасады.

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаняху біріккен палестиналық үкіметпен бейбітшілік бола алмайды себебі зорлық-зомбылықтан бас тартпаған "Хамас" Израильді жою жөніндегі шақыруларын жалғастырып жатыр деп мәлімдеді.

"Хамасты" лаңкестік топ деп атайтын Вашингтондағы Ақ үй Израильмен бейбітшілікке қол жеткізуге үміттеніп отырған кез келген болашақ палестиналық үкімет зорлық-зомбылықтан бас тартып, Израильдің өмір сүру құқығын мойындауы тиіс деп атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG