Accessibility links

Шымкентте "зират қорлаған" деген күдікпен төрт адам ұсталды


Шымкентте төрт жас жігіт зираттағы құлпытастарды бүлдіріп, молаларды қорлаған деген күдікпен ұсталғаны туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Әл-Фараби аудандық полиция бөліміне түскен арызда сәуірдің 27-сі күні таңертеңгі сағат жетілер шамасында белгісіз біреулердің бірнеше моланы қиратып-бүлдірген туралы айтылған» делінген полицияның ақпаратында.

Бұл іс бойынша іздестіру шарасы барысында полиция жас шамалары 20-22-лердегі төрт жас жігітті ұстаған. «Олардың мас күйінде зираттағы 16 құлпытасты бүлдіргені тергеу барысында анықталды» деп хабарлайды полиция мекемесі.

Қазір «вандализм» оқиғасы бойынша полицияның тергеу жұмыстарын жүргізіп жатқаны хабарланды.

AzattyqTV

Террорға қарсы күрес

"ИМ" тобын тықсырды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG