Accessibility links

Каддафи НАТО-мен келіссөз өткізуге шықырды


Ливия жетекшісі Муаммар Каддафи өз әскерилеріне қарсы жасалып жатқан альянстың әуе шабуылдарын тоқтату үшін НАТО елдерімен келіссөз өткізуге әзір екенін мәлімдеді.

Бүгін Ливия телеарнасынан сөйлеген сөзінде Каддафи өз күштерінің атысты тоқтату жөніндегі келісімге дайын екенін айтты. Бірақ кез келген келісімнің жасалуы үшін қақтығыстағы барлық жақтар атысты доғаруы тиіс деді Каддафи. Сонымен қатар ол биліктен кетпейтінін айтып, егер НАТО әуеден соққы беруін тоқтатса, ливиялықтар өз проблемаларын өздері шеше алады деп атап көрсетті.

НАТО-ның қолдауындағы көтерілісшілер 41 жыл елді басқарып отырған Каддафидің биліктен кетуін талап етіп, Каддафи күштерімен соғысып жатыр. БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің қарарына сәйкес, НАТО Ливия халқын қорғау үшін Каддафи әскерилеріне әуеден соққы беріп жатыр.
XS
SM
MD
LG