Accessibility links

Обама торнадодан зардап шеккен Алабамаға барды


АҚШ президенті Барак Обама торнадодан зардап шеккен Алабама штатына барды.

Осы аптада болған табиғи апаттан Алабаманың өзінде ғана 240-қа жуық адам қаза болып, жүздеген кісі жараланды. Торнадо мен дауыл салдарынан құрбан болғандардың жалпы саны 330 шамасында.

Жұма күні Обама торнадодан ең қатты зардап шеккен Тускалузаға барып, қаланы қайта құруға көмектесу үшін үкіметтен қаржы бөлінетінін айтты.

АҚШ-та 1932 жылдан бері мұндай күшті торнадо болмаған еді.
XS
SM
MD
LG