Алматы облыстық кедендік бақылау департаментінің бұрынғы басшысы Құрманбек Артықбаев қамауға алынды. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі жексенбі күні сенімді ақпарат көзіне сілтеме жасап хабарлады.
Артықбаевты қаржы полициясының қызметкерлері Астана әуежайынан ұстаған. Агенттіктің хабарына қарағанда, Артықбаев Қазақстанның ішкі істер вице-министрі қызметіне бекітілуді күтіп жүрген.
Енді өткен бейсенбі күні Алматы облысына қарасты "Қорғас", "Қалжат", "Алатау" кедендік бекеттерде жүргізілген Қаржы полициясының арнайы шаралар оған қандайда бір салдарын тигізуі мүмкін деп хабарлады ҚазТАГ агенттігі.
Хабарларға қарағанда, Қаржы полициясы кеден қызметі мен құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қарсы бірқатар қылмыстық іс қозғаған.