Accessibility links

Сирия оппозициясы үкіметке қарсы "апта шеруін" бастады


Сириядағы үкіметке қарсы оппозиция жексенбі күні "қоршауды бұзу" деп атаған шерулерін бастады.

Үкіметтік күштер сенбі күні Дераа қаласын қоршауға алып, мешіт пен оппозиция бақылауындағы бірнеше жерге шабуылдағанда біраз адам қаза тапқан.

Сирия оппозициясы бұл шерулерін сейсенбі күні Баниас пен Джебла қалаларында, сәрсенбі күні Хомста, бейсенбі күні елдің Ливанмен шекаралас басқа да қалаларында өткізуді жоспарлап отырғандарын айтты.

Сирия президенті Башар әл-Ассад өзіне қарсы шерушілерге қарсы күш қолданып, Египет пен басқа да араб елдеріндегі толқулардан кейін көтерілген оппозициясын басып тастап жатыр.
XS
SM
MD
LG