Accessibility links

Иран президенті қызметіне 8 күн бойы шықпаған


Ираннан түскен жаңалықтарға қарағанда, заңшығарушылар президент Махмуд Ахмадинежадтың ресми қызметтеріне бойкот жариялап отырғанын талқылауға шақырылған.

Хабарларда Ахмадинежадтың сегіз күн бойы жұмысқа шықпай, үкіметтік кездесулерге қатыспай жатқаны айтылған.

Сарапшылар бұл президент Махмуд Ахмадинежад пен Иранның рухани жетекшісі Аятолла әли Хаменеи арасындағы билікке тартыстың бір белгісі болуы мүмкін дейді.

Хаменеи жақында Ахмадинежад орнынан алып тастаған ақпарат министрі Хейдар Мослехиді қайта тағайындаған.

Ассошейтед пресс агенттігінің хабарлауынша, Аятолла жұма күні ұлттық телеарнадан сөйлеген сөзінде, өзіне қарсы келген Ахмадинежадке ескерту жасағандай болған.
XS
SM
MD
LG