Accessibility links

Пәкістан билігі Усама бин Ладенді жоюға қатыспағанын мәлімдеді


АҚШ әскерилері жүргізген, «әл-Қаида» ұйымының жетекшісі Усама бин Ладенді өлтіру операциясына Пәкістан қатысқан жоқ деп мәлімдеді Пәкістан президенті Асиф Али Зардари «Вашингтон пост» газетіне берген сұқбатында.

Оның айтуынша, Пәкістан билігі бин Ладеннің қайда жүргенінен хабарсыз болған.

Сонымен бірге Зардари АҚШ пен Пәкістан арасындағы онжылдық ынтымақтастық өркениетті әлемге қауіп төндірген Усама бин Ладеннің көзін құртуға сеп болды деп атап өткен.
XS
SM
MD
LG