Accessibility links

Канададағы сайлауда биліктегі консерваторлар жеңіске жетті


Канадада өткен парламент сайлауында, алдын ала деректер бойынша, елдің премьер-министрі Стивен Харпер бастаған консерваторлар партиясы алға шықты.

Сайлау науқаны барысында Харпер үкіметінің экономикалық жетістіктерін алға тартқан консерваторлар осымен қатарынан үшінші рет парламент сайлауында жеңіске жетіп отыр.

Ал олардың саяси бәсекелесі - Жаңа демократтар партиясы әлеуметтік салаға бөлінетін қаржы көлемін ұлғайтуға уәде берген еді.
XS
SM
MD
LG