Accessibility links

Қазақстан баспасөз еркіндігінің жағдайы нашар елдердің қатарында аталды


БҰҰ Бас ассамблеясының 1993 жылдың 20 желтоқсандағы шешімімен жыл сайын мамырдың 3-і - дүниежүзілік баспасөз еркіндігі күні ретінде аталып өтіледі.

Осынау атаулы күн қарсаңында "Фридом Хаус" халықаралық құқық қорғау ұйымы әлемдегі баспасөз еркіндігінің ахуалына қатысты жыл сайынғы есебін жариялады. Биылғы есепте әлемде баспасөз саласына қатысты «еркін емес» деп аталған 63 елдің арасында Қазақстан да бар.

«Фридом Хаус» ұйымының бағалауынша, 2010 жылы Қазақстанда баспасөз еркіндігінің жағдайы бұрынғыдан нашарлай түскен.
XS
SM
MD
LG