Accessibility links

Швейцариядан Каддафидің, Мүбәрәк пен Бен Әлидің ақшалары табылды


Швейцария сыртқы істер министрінің өкілі Ларс Кнухел Швейцарияда Ливия жетекшісі Муаммар Каддафиге қатысы бар делінетін есепшоттардан 400 миллион доллардан астам ақша табылғанын мәлімдеді.

Ларс Кнухел Египеттің бұрынғы президенті Хосни Мүбәрәктің, биыл қаңтар айында Тунисте биліктен қуылған Бен Әлидің есепшоттары да табылғанын хабарлады.

Египет пен Тунисте билікке келген жаңа өкіметтер Мүбәрәк пен Бен Әлиге қатысы бар есепшоттардағы ақшаны елдеріне қайтаруды сұрап, Швейцария үкіметіне өтініш жасады.
XS
SM
MD
LG