Accessibility links

Обама ұлттық бірлікті жалғастыруға шақырды


АҚШ президенті Барак Обама Усама бин Ладеннің өлімінен кейін ұлттық бірігу рухын жалғастыруға шақырды.

Обама Ақ үйде конгресс басшыларымен болған кешкі ас барысында "халық 2001 жылғы 11 қыркүйектегі лаңкестік әрекеттерден кейінгі бірігу сияқты, қазір де бірге топтасып отыр" деп мәлімдеді.

БҰҰ қауіпсіздік кеңесі әлем елдерін лаңкестікпен күресті күшейтуге шақырып, "әл-Қаиданың" әлемде жасаған лаңкестік әрекеттерін еске түсірді.

Қытай "бин Ладеннің өлімі халықаралық террорға қарсы күрестегі үлкен оқиға болды" деді.
XS
SM
MD
LG