Accessibility links

Полиция: НАТО шабуылынан 5 адам мерт болды


Полицияның мәлімдеуінше, Ауғанстанның оңтүстігінде НАТО-ның әуе шабуылынан кемінде 5 ауған күзетшісі қаза болған.

Газни уәлаятындағы полиция басшыларының айтуынша, сейсенбі күні НАТО базаларына жүк көліктерін алып бара жатқан қарулы күзетшілерге әуеден соққы берілген. НАТО өкілдері бұл шабуылды растап, бүлікшілер нысанаға алынған еді деп атап көрсетті.

Ал полиция басшысы Зирауер Захид қақтығыста бүлікшілердің болмағанын айтты.

Ауғанстанда "Талибан" бүлікшілерімен күресіп жатқан шетел әскерилерінің саны 130 мың шамасында.
XS
SM
MD
LG