Accessibility links

Данияда шешен азаматына лаңкестікке қатысты айып тағылды


Дания бас прокуроры Шешенстанда туған азамат Лорс Дукаевқа лаңкестікке қатысты айып тақты.

Лорс Дукаевқа "Мұхаммед пайғамбарды келемеждейтін суреттерді жариялаған даниялық басылымға жарылғыш заты бар конвертті салып жібермек болды" деген айып тағылды. Прокурор Йорген Стин Соренсеннің айтуынша, Лорс Дукаев жарылғыш затпен халықты қорқытып, Данияны тұрақсыздандырмақшы болған.

Бельгия тұрғыны Дукаев Копенгагендегі қонақ үйде әлгі конвертті дайындап жатқан кезде жарақат алды делінеді.

Дукаев айыпты деп танылса, өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Дукаевқа қатысты сот мамырдың 16-сында өтеді.
XS
SM
MD
LG