Accessibility links

Саакашвили оппозиция өкілдерімен кездесті


Грузия парламентінің төрағасы Давид Бакрадзе аталған сөйлесуде президент Михаил Саакашвилимен бірге болды. Оппозиция өкілінің айтуынша, кездесуге оппозиция жағынан бұрынғы Сыртқы істер министрі Саломе Зурабишвили, президенттікке бұрынғы үміткер Леван Гачечиладзе, БҰҰ-дағы бұрынғы елші Иракли Аласаниа, және Каха Шартва қатысты. Грузияда бір айға созылып кеткен саяси теке-тірес мамырдың 11-не жоспарланған ол кездесу барысында талқыланды.

Өткен сәрсенбіде Тбилисиде полиция мен оппозициялық шерушілер арасында қақтығыс болған-ды. Президент Михаил Саакашвили сол қақтығыстан бірнеше күн өткеннен кейін ғана оппозиция өкілдерімен кездесуге келісті.

Сенбі күні бірнеше мыңдаған шерушілер президент Михаил Саакашвилидің биліктен кетуін талап етіп, көшелерге шығысты.
XS
SM
MD
LG