Accessibility links

Үндістан мен Қазақстан ядролық ынтымақтастық туралы келісімге қол қоймақ


Үндістан мен Қазақстан маусым айының соңына дейін ядролық энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қоймақ, — деп мәлімдеді Үндістандағы Қазақстанның елшісі Қайрат Омаров.

Қазақстан Нью-Делимен мұндай келісімге қол қойған АҚШ, Ресей мен Франциядан кейінгі төртінші ел болмақ.

Елшінің айтуынша, дайындалып жатқан келісім Үндістанға тек қана атом станциялары үшін жанармай жеткізуді емес, ынтымақтастықтың басқа да түрлерін қамтиды.
XS
SM
MD
LG