Accessibility links

Ө.Шүкеев: 2015 жылға қарай электр энергиясының бағасы екі еседен аса өседі


2015 жылға қарай Қазақстанда электр энергиясының мөлшерлі тарифі екі еседен есе өседі, — деп хабарлады бірінші вице-премьер Өмірзақ Шүкеев.

«Электр энергиясының мөлшерлі тарифі екі еседен аса өсіп, киловаттсағаты 3,6 теңгеден 8,8 теңгеге дейін көбеймек. Бұған тұрғындарды дайындау керек», — деді Шүкеев.

Өз кезегінде энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев осы жылдың мамыр-маусым айларында елдің барлық электр энергиясын өндірушілерімен тиісті келісімдерге қол қойылу жоспарланып отырғанын айтты.
XS
SM
MD
LG