Accessibility links

Вашингтонда Қазақстанға қатысты жиын өтеді


Бүгін АҚШ Конгресіндегі Хельсинки комиссиясында 2010 жылы ЕҚЫҰ-на төрағалықты алайын деп отырған Қазақстан бойынша тыңдаулар өтеді.
Бұл туралы Вашингтоннан Азаттық радиосына хабарлаған Қазақстандағы адам құқықтары мен заңдардың орындалуы жөніндегі халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтис телефон арқылы хабарлады.
Қазақстанға қатысты өтетін осы тыңдауларда адам құқын қорғаушы Жовтиспен қатар Қазақстанның елшісі Ерлан Ыдырысов та сөз сөйлейді.
Азаттық радиосына Евгений Жовтис өзінің есебінде не туралы айтатынын қысқаша баяндап берді. Ол Қазақстандағы адам құқы саласындағы жағдайдан бастап, сөз бостандығы, дін еркіндігі туралы көтермек.
Сонымен қатар осы аптаның соңында Вашингтонда Қазақстандағы діни сенім-наным еркіндігіне қатысты жиын өтеді.
XS
SM
MD
LG