Accessibility links

Францияда Канн кинофестивалі басталды


Бүгін халықаралық Канн кинофестивалі басталады. 63 рет өткізілгелі отырған байқаудың қазылар алқасының төрайымы француз актрисасы Изабель Юппер. Әділ қазылар алқасы 20 киноны сарапқа салады. Байқау үміткерлерінің арасында Джейн Кэмпион, Квентин Тарантино, Ларс Фон Триер, Кена Лоучтар бар.

Кинофестиваль барысында байқауға жиналған кәсіби кино шеберлері киноиндустрия мәселелерін талқыламақ. Канн кинофестивалінің шымылдығы 24 мамыр күні жабылады.


XS
SM
MD
LG