Ел парламенті президенттік сайлауды биылғы жылдың 25 қазанына белгілеген болатын. Президент Виктор Ющенко бұл шешіммен келіспей, Жоғарғы сотқа қайрылған еді. Сот аталған мерзімді Конституцияға сай емес деп шешім шығарды. Екінші кезекке сайлауға түскісі келетін Украина президентінің пікірінше, сайлау келесі жылы өтуі тиіс.