Accessibility links

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер жұқпалы ауруларға қарсы әрекет мәселелерін талқылайды


Бүгін Новосибирскіде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің жұқпалы аурулар қаупіне қарсы әрекет ету жөніндегі халықаралық конференциясы басталады, — деп хабарлайды РИА Новости.

Форумға қатысушылар ШЫҰ елдері мен онымен шектесетін мемлекеттердегі жұқпалы аурулардың эпидемиялық таралуына қарсы әрекеттер мен бұған қатысты проблемалық сұрақтарды талқыламақ.

Аталған шараның ұйымдастырушылары РФ денсаулық сақтау министрлігі, Тұтынушыларды бақылау одағы мен «Вектор» вирусология және биотехнология орталығы.
XS
SM
MD
LG