Accessibility links

Марат Ахметов:Каспий жағалауындағы өлі итбалықтар саны 218-ге жетті


Каспий жағалауындағы Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында 218 өлі итбалық табылды, — деп хабарлады облыстық балық инспекциясы басқармасының бастығы Марат Ахметов.

Оның айтуынша, итбалықтардың қашан өлгендері де белгісіз, олардың ткандері мен теңіздің суы сараптамаға жіберіліп, итбалықтардың өлі денелері өртелді.

Өткен жылдың сәуір айында осы жерде 30 өлі итбалық табылса, 2007 жылдың наурыз-мамыр айларында 928 итбалық қырылған. Итбалықтардың жаппай қырылған кезі 2000 жылы болды, ол уақытта 10,5 мың дана теңіз итбалығы өліп қалған болатын.
XS
SM
MD
LG