Accessibility links

Рим Папасы Палестина мемлекетін құруға үндеді


Бүгін Рим Папасы XVI Бенедикт Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы аңыз бойынша Мұса пайғамбар өсіп жеткен Назарет қаласында дұға оқыды. Құдайға құлшылық етуге 10-даған мың адам қатысты.
Бүгін понтифик Израильдің премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен кездесуге тиіс. Оның алдында Израиль мен Палестинаға 10 мамырда басталған сапарының барысында Рим Папасы Израиль президенті Шимон Переспен және Палестина автономиясының төрағасы Махмуд Аббаспен жүздесті.
XVI Бенедикт тағы да тәуелсіз Палестина мемлекетін құруға шақырды. Бірақ Нетаньяхудың үкіметі ондай шешімге әзірше келісімін берген жоқ.
XS
SM
MD
LG