Accessibility links

Пхеньянда 4 маусымда америкалық 2 журналист сотталады


Солтүстік Кореяда осыдан 2 ай бұрын тұтқындалған 2 америкалық журналистің соты 4 маусымда өтеді.
Ол туралы бүгін Солтүстік Кореяның орталық жаңалықтар агенттігі хабарлады. Соттың басқа жай-жапсары белгісіз.
АҚШ-тан келген Юна Ли және Лора Линг деген 2 журналисті Солтүстік Коряның билігі Қытай шекарасына жақын маңайда ұстады. Оларға ел аумағына заңсыз өтті деген айып тағылып отыр. Солтүстік Кореяның заңдары бойынша журналистер 3 жылдық түзету жұмысына кесілуі мүмкін.
XS
SM
MD
LG