Accessibility links

ЕҚЫҰ-ның миссиясы Грузиядан кетуі мүмкін


Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Грузиядағы бақылаушыл миссиясының мандаты мерзімін ұзартуға мүмкіндік беретін жоспарға Ресей бөгет қойды. Бақылаушылардың мандаты 30 маусымда аяқталады.
Дипломатиялық ақпарат көздерін сілтеген агенттіктердің хабарлауынша, Ресей аталған жоспардың Грекия ұсынған үлгісімен де келіспеді. Ресей ұсынған түзетулердің біріне сәйкес, бақылаушылар өздерінің жүріс-тұрысын Оңтүстік Осетиямен келісіп алуға тиіс.
Мәскеудің келісімінсіз Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Грузияда 16 жыл тұрған бақылаушылар миссиясы кейін шақыртылады.
XS
SM
MD
LG