Израильде экс-президент Моше Кацавтың үстінен сот процесі басталды. Оған әйел зорлады және өзінің қол астындағы қыз-келіншектерді нәпсіқұмарлықпен мазалады деген айыптар тағылды. Айыптардың көпшілігі Кацав көлік министрі болған 1990-жылдарға қатысты көрінеді.
М.Кацав – прокуратурамен арада соттан тыс келісімге келіп, 2007 жылы президент лауазымындағы мерзімінің аяқталуына 2 апта қалғанда биліктен кетті. Ол өзінен әйел зорлады деген айыптарды алып тастау үшін одан жеңіл айыптарды мойнына алды. Бірақ кейінірек сотта өзінің кінәсіздігін дәлелдеймін деп келісімнен шықты.