Қазіргі уақытта 14 мың 111 Қазақстан азаматының ипотекалық несиелерін қайта қаржыландыру туралы өтініштері мақұлданды, — деп мәлімдеді ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов.
Үкімет басшысының айтуынша, бұрын берілген ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру үшін банктерге 120 миллиард теңге бөлінген, оның 77 миллиард теңгеге жуығы рәсімделген.
Кәрім Мәсімов бұған қоса дағдарысқа қарсы бағдарламаның жүзеге асуы аясында 1,5 мың үлескердің пәтерге ие болғанын, сондай-ақ ағымдағы жылдың соңына дейін Астана мен Алматыда 142 нысанның құрылысы аяқталып, тағы 25 мың үлескердің баспаналы болатынын жеткізді.