Accessibility links

АҚХҚ донорлық ұйымдарының алғашқы кездесуі өтеді


Бүгін Алматыда халықаралық донорлық ұйымдардың алғашқы кездесуі басталады. Оған БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясы қатысады. Кездесуде осы жылдың 28 сәуірінде Аралды Құтқарудың Халықаралық Қоры (АҚХҚ) құрылтайшы мемлекеттер басшыларының бірігіп қабылдаған құжаттарының орындалу барысы талқыланады. Аталған шараға ұлттық эксперттер мен донорлар да шақырылған.

Жиын барысында 2011-2015 жылдарды қамтитын Арал теңізі бассейніне көмек көрсетудің халықаралық жоспары жасалады. Аралды Құтқарудың Халықаралық Қоры ( АҚХҚ) 1993 жылы құрылған. АҚХҚ президенттері болып Өзбекстан, Түркменстан, Тәжікстан мемлекеттерінің басшылары сайланған еді. 2008 жылдың тамыз айынан бастап оның кезекті президенті —Қазақстан Республикасының мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев.
XS
SM
MD
LG