Accessibility links

Американдық Р. Сабери Ираннан Венаға барды


Иранда тыңшылық жасады деп түрмеге жабылған американдық журналист жұма күні таңертең Теһраннан Австрия астанасы Венаға жетті.
Тегі ирандық - АҚШ азаматы, 32 жасар Роксана Сабери Венаға ата-анасымен ұшып барды.
Саберидің әкесі оның алдында қыздарын Құрама Штаттарға алып қайтуға дайындалып жатқандықтарын айтқан.
Сабери қаңтар айында қамауға алынып, сәуір айында тыңшылық жасаған деген айыппен 8 жылға түрмеге жабылған.
Оның үкімін қайта қараған Иранның апелляциялық соты Саберидің жазасын шартты түрдегі екі жылға азайтып, дүйсенбі күні қамаудан босатқан болатын.
XS
SM
MD
LG