Accessibility links

ЕҚДБ-ның жиыны экономикалық дағдарысқа арналады


Бүгін Лондонда ашылған Еуропадағы қайта құру және даму банкінің жыл сайын өтетін 18-ші кездесуі бұрынғы совет елдеріндегі экономикалық дағдарысты реттеу мәселесіне арналып отыр. ЕҚДБ-ның таратқан мәлімдемесінде, екі күндік кездесу барысында ұйымның үлескерлері бұл аймақтағы ғаламдық қаржы дағдарысын шешу мен бұрынғы совет елдері экономикаларының қайта өркендеуіне қалай қолдау жасау керектігін талқылайды делінген.
Жақында ғана ЕҚДБ өткен жылдардағы қарқынды өсімнен кейін осы жылы орталық және шығыс Еуропа елдері 5,2 пайыз, Ресей 7,5 пайыз және Украина 10 процентке дейін құлдырауларға тап болады деп болжаған.
ЕҚДБ бұрынғы коммунист елдердің экономикасына қолдау таныту үшін 1991 жылы құрылған.
XS
SM
MD
LG