Accessibility links

Өзбек босқындары Әндіжанға қатысты айтарымыз бар деді


Дюссельдорфтағы өзбек босқындары осыдан 4 жыл бұрын жүздеген адамның өмірін әкеткен Әндіжан қырғынын еске алды. Бұл туралы Азаттықтың өзбек редакциясы хабарлап отыр.
Жаңа құрылған "Әндіжан және әділет" деп аталған қозғалыс Батыс елдерінен келген өзбек өкілдерінен құралып отыр.
Олар 2005 жылы Әндіжандағы наразылық шарасын билік күшпен басып тастаған соң, шетелге қашып кеткендер.
Олардың айтуынша, Өзбекстан үкіметі оларға егер сендер елде президенттік сайлау өткенше, үндеріңді шығармай жүрсеңдер, қамаудағы туыстарыңды босатамыз деген уәде берген.
Өзбекстанда президенттік сайлау 2007 жылдың желтоқсанында өтті, бірақ ешкімнің туысы түрмеден шықпады дейді әндіжан босқындары.
XS
SM
MD
LG