Украинаның қауіпсіздік қызметінің ресмилері бейсенбі күні өздерінің Совет диктаторы Иосиф Сталин кезінде өлтірілген 14 991 адамның мәйітін анықтап, Киевтің сыртына жерлегенін хабарлады. Азаттық радиосының украин редакциясына профессор Васил Даниленконың айтуынша, Украинадағы 18 жерде Сталин режимі кезінде өлтірілген мыңдаған адамның сүйегі жатыр. Және адамдардың мәйіті жаппай көмілген көптеген жерді саябақ жасап, бірнеше жерде сауда орындарын салып тастаған дейді ол.
Украина саяси құрбандарды еске алу күнін жексенбіде атап өтпекші. Бұл күні мыңдаған украиндық Киевтің сыртындағы Быкивния орманындағы қабірге жиналады.
Украина саяси құрбандарды еске алу күнін жексенбіде атап өтпекші. Бұл күні мыңдаған украиндық Киевтің сыртындағы Быкивния орманындағы қабірге жиналады.