Сенбі күнгі сайлауға үміткер боп қатысқан 16 әйелдің 4-еуі жеңіске жетті. Сөйтіп олар парламенттегі 50 орынның төртеуін иеленген болатын. Кувейт әйелдері осымен үшінші рет қана үміткерлік жарысқа түсіп отыр. 2005 жылы сайлауға үміткер ретінде қатысу хұқына ие болған Кувейт әйелдері өкілдері бұдан бұрынғы екі сайлауда табысқа жете алмаған еді. Бұдан бұрынғы парламент үстіміздегі жылдың наурызында тарқатылған болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Азаматтық қоғамға – Алашорданың мүлкін қайтару. Төртеудің хаты