Осыдан бір күн бұрын ғана ол басылым 6 жылдық тиымнан кейін жарық көрген еді. Бұл жолы Техран прокуроры Сайед Мортазавидің арызы бойынша Йас но, яғни Жаңа жасмин деп аталатын бұл газет жұмысын қайта тоқтатты. Жаңа жасмин бұрынғы президент Мохаммад Хатамидің ықпалында сияқты. Газет бұдан алты жыл бұрын парламенттің реформашыл депутаттарының хатын жариялағаннан кейін тиымға ұшыраған болатын. Ол хатта 2004 жылғы парламенттік сайлауда, біраз кандидаттарды сайлауға қатысу хұқынан айырған әрекетке елдің Рухани көсемі Аятолла әли Хаменейдің қаншалықты қатысы бар екендігі сұраққа алынған еді.