Accessibility links

Бішкекте ШЫҰ сарапшыларының форумы басталады


Бүгін Бішкекте Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің ғалымдары мен сарапшыларының ШЫҰ алдында тұрған негізгі қауіптерді жеңу мәселелерін талқылауға арналған форумы басталады, — деп хабарлайды РИА Новости.

Форум жұмысы барысында жаңа экономикалық тәртіп жағдайындағы ШЫҰ-ның рөлі және әлемдік қаржы дағдарысының қаупі мәселелері, су-энергетика ресурстарын тиімді пайдалану, сонымен бірге Шанхай ынтымақтастығы ұйымы университетін құру мүмкіндігі жайы қарастырылмақ.
XS
SM
MD
LG