Accessibility links

Нетаньяхудің Обамамен кездесуінде Иран жайлы сөз болмақ


Израиль премьер-министрінің бас кеңесшісі айтып отырғандай, дүйсенбі күні үкімет басшысы Нетаньяху АҚШ президенті Барак Обамамен Вашингтондағы кездесуінде Иранның қарулануына жол бермеу мәселесін көтеруді жоспарлады.
Израильдің ұлттық қауіпсіздік мәселесі бойынша кеңесшісі Узи Арадтың айтуынша, Иранның ядролық мүмкіндігін арттырып, әскери қаруға қарай бастаған прогрессивті қадамдары Израильдің алаңдаушылығын тудырып отыр. Оның сөзіне қарағанда, ядролық қаруланған Иран Израильге айтарлықтай қауіп төндіріп тұр.
Израиль билігі Иранның ядролық орындарына қарсы соққы беру мүмкіндігін де жоққа шығармайды.
Нетаньяху Ақ үйдегі кездесуінде Израиль-Палестина қақтығысына байланысты тәуелсіз Палестина мемлекетін құру принциптерін қолдай ма, жоқ па ол жағы белгісіз қалып отыр.

AzattyqTV

Террорға қарсы күрес

"ИМ" тобын тықсырды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG