Accessibility links

Қырғыздар Азаттық бағдарламаларын қайта шығаруды талап етті


Азат Еуропа/Азаттық радиосының қырғыз тіліндегі бағдарламасын қолдайтын қозғалыс белсенділері бүгін Бішкектің орталығына жиналып, қырғыз редакциясының телерадио бағдарламаларын қайтадан әуеге қоюды талап етті.
Азаттықтың қырғыз қызметінің хабарлауынша, 100 шақты шеруші “Азаттық радиосы – халықтың радиосы” , “Сөз бостандығын орнату керек” деген жазуы бар ұрандармен шыққан.
Қазан айында қырғыз билігі жергілікті FM толқындарындағы Азаттық радиосының хабарларын тоқтатып, телебағдарламасын жауып тастаған.
XS
SM
MD
LG