Accessibility links

Қырым татарлары жер аударылған 65-жылдықтарын атап өтуде


Бүгін Симферопольдің орталығына кемінде 15 мың қырым татары жиналып, жер аударылғандарына 65 жыл толған күнге байланысты өз талаптарын айтып шықты.
65 жыл бұрын мамырдың 18-і мен 20-сы аралығында Совет билігі Қырым татарларын өз отандарынан Орталық Азияға күшпен жер аударып жіберген. Сол жолда мыңдаған адам қаза тапқан. Совет үкіметі құлаған соң қырым татарлары Қырымға жаппай орала бастады.
Бүгін шерушілер қолдарына Украин елі мен Қырым татарларының туын ұстап шықты. Олар қырым татарлары үшін мектептер ашып, ресми тіл мәртебесін беруді талап етіп отыр.
Қырым татарларының жетекшісі Мустафа Джемилевтың сөзіне қарағанда, бүгінде Қырымда 280 мың қырым татары бар болса, 150 мыңы атамекендеріне оралуды жоспарлап отыр.
XS
SM
MD
LG