Accessibility links

Маңғыстауда мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ қолға түсті


Маңғыстау облысында аса ірі көлемде мұнай ұрлаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ қолға түсті — деп хабарлайды КТК телеарнасы. Олар Сай-Өтес ауылындағы Өзен-Атырау магистралдік құбырын тесіп, мұнай ұрлап жатқан жерінде құрықталған.

ҚР ІІМ криминалдық полиция комитеті төрағасының орынбасары Бекет Айтмағамбетовтің айуынша, қылмыстық топ КаМАЗ, 2 МАЗ, 3 КрАЗ көліктеріне мұнай тиеп жатқан жерінде ұсталған, сонымен бірге олардан алысырақта 3 цистернаға мұнай толтырылып қойылған.

Телеарнаның мәліметінше, полицейлер қамауға алған 9 адамның екеуі – Түркменстан, біреуі – Өзбекстан азаматы болып шыққан, ал қалғандары Маңғыстау облысы мен Ақтөбе қаласының тұрғындары. Ұрылар шамамен 600 тонна мұнайды алып үлгерген. Қазір бұл топтың бұған дейінгі іс-әрекеттері тексеріліп жатыр. Криминалдық полицияның өкілі бұл қылмысқа «Қазақстан темір жолы» компаниясы қызметкерлерінің де қатысы болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Себебі, шикі мұнай теміржол вагондарына тиелуге дайын тұрған.
XS
SM
MD
LG